Текст
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді. Сондықтан қазірден бастап балаларға құмар ойындардың зияны туралы айтып, лудомания дертіне шалдықпауын қадағалауымыз керек. Осыған орай мектебімізде 6 “А” сынып жетекшісі Аманжол Ақбота мен оқушылары “Лудомания мен құмар ойындарға қарсымын” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: ғаламтор кеңістігінде оқушылардың қауіпсіздігін зиянды әрекеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету. Әрбір оқушы білім алумен қатар, бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, ғаламторға тәуелділікті алмастырар еді.